Дәріс өткізді
Қостанай қаласы ПБ жедел басқару орталығында «Жанжал және оның психологиялық сипаттамасы» атты дәріс өтті.
Қызметкерлер күн сайын қызметтің түрлеріне қарай психологиялық қысымға ұшырайды, кейде арты жанжалға ұласуы мүмкін. Азаматтардан түскен өтініштер әртүрлі. Біреулері эмоционалды наразылықтарын білдірсе, кейбірі талаптар қояды. Сондықтан қызметкерлермен азаматтар арасында келіспеушілік туындамауы үшін келісімге қалай келу керектігін білулері тиіс. Оқу-жаттығу сабағында психолог мамандар жағдайды ушықтырмай, мұндай жағдайдан шығудың жолдарын үйретті.
Дәрістен кейін тәртіп сақшылары практикалық жаттығулар арқылы көңілге түйгендерін бекітті.
«Өмір болған соң, кейде түрлі жағдайлар орын алуы мүмкін. Ең бастысы, оны ақылға салып, бір келісімге келу қажет, – дейді психолог-инспектор Динара Қыстаубаева.
Аружан ЕРҒАЛИЕВА,
ҚӨУ-дің 2-курс студенті.