«ДИС» деген орталық бар

«Ел болашағы – жастардың қолында», – деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев сенім артқандай, Сарыкөл ауданында да өскелең ұрпаққа аса көңіл бөлініп келеді. 2015 жылдың сәуір айынан бері «ДИС» еріктілер орталығы" жастар қоғамдық бірлестігі жұмыс істей бастады.
дис
Бұл ұйымның басты мақсаты – Сарыкөл ауданының жастары арасында еріктілер бастамаларын дамыту және кәсіби еріктілерді жетілдіру болып табылады.
-Өңірде осы орталық есігін ашқалы бастамшыл жастар тобы көбейе бастады. Әсіресе, олар өңірдің қоғамдық өміріне белсене атсалысып жүр. Яғни, біздің базада 40 тұрақты ерікті (оқушылар, студенттер және жас мамандар) бар. Оның сыртында 20-ден астам жас ауылдық округтерден келеді, – дейді аталмыш орталықтың төрайымы Әсел Мәзенова.
Юлия Ефименко
Әсел Аманжолқызының айтуынша, бұл ұйым жобаларды жүзеге асыру арқылы аудан, ауылдың қоғамдық өміріне белесене араласады. Апта сайын еріктілер отырыс өткізіп, жаңа жобалар құрып, өткен шараларды қорытындылап, келесі аптаға жоспарлар құрады. Айталық, бүгінгі таңда олардың қатысуымен 25-тен астам іс-шара мен түрлі акциялар өткізілді. Яғни: «Біздің күшіміз – бірлікте!» жастар форумы, «Бұл біздің – Қазақстан!» ынтымақтастық шарасы, ҰОC-ның 70 жылдығы мен мемлекеттік мерекелерге арналған флешмобтар, өңірде өткен облыстық паралимпиада ойындарындағы істер, «Сарыкөл және жастар» марафоны және т.б. Соның ішінде Сарыкөл ауданы аумағында осымен екінші рет өткен еріктілер слеті де бар. Нәтижесінде 15 ерікті ұйымның құрамына қосылды. Сондай-ақ, олар «Рауан» ЖҚБ және жастар ресурстік орталығымен де бірлесе жұмыс жасайды.
дис1
Біздер аталған орталыққа барып, ондағы еріктілерді әңгімеге тартқан едік:
-Мен, «Сарыкөл агробизнес және құқық колледжінің студентімін. Жақсы оқимын. «ДИС» еріктілер орталығына ашылғанан бастап қабылдандым. Бұл ұйым және ондағы жұмыстар өзіме қатты ұнайды. Біз көптеген жастарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдан келген көмегімізді аянбаймыз. Осындай орталықтар ауданда көп болса екен, – деп өз ойымен бөлісті ерікті Юлия Ефименко.
Сондай-ақ, түрлі шараларға Тимирязев ауылдық округінен келіп, қатысатын еріктінің бірі Айсұлу Мусаинова. Оған да еріктілер орталығы қатты ұнайды. Ол болса, осындай ұйымның ауданда ғана емес ауылдарда да болғанын алға тартты.
Ал, тағы бір жас ерікті Уәлихан Зайкенов орталыққа өз еркімен келгенін және содан бері әр күні қыззықа толы өтіп жатқандығын айтты.
Айта кеткен жөн, 2016 жылы «ДИС» еріктілер орталығының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан жаңа әлеуметтік жобаның бірі – «Сарыкөл ауданының Еңбек даңқы кітабы» эстафетасы. Бұл ауқымды шара үкіметтік емес ұйымдар мен жергілікті билік өкілдері және ауыл халқының басын қосып, тығыз байланыс құруға тиімді ықпалын тигізуде.
 
Жеткен жетістіктері де аз емес
Cарыкөлдік еріктілер ешкімнен кем емес. 2015 жылы Қостанай облысы жастар және балалар ұйымдарының Ассоциациясы өткізген "Үздік ерікті" байқауында сарыкөлдік 2 ерікті үздік деп танылды. Мардымды марапаттарға да (сертификаттар, грамоталар, дипломдар) ие болды. Мәселен, мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға және спорт пен дене шынықтыруды дамытуға қосқан қомақты үлесі үшін, әлеуметтік идеялар жәрмеңкесіне белсене қатысқаны үшін мадақтамалармен және Қостанай облысы еріктілер бастамалары және жұмысшы жастар дамытуда белсене қатысқаны үшін алғыс хаттар алды. Қысқасы, бұл орталық жас болса да, тек облыстық емес, республикалық деңгейде де жақсы нәтижелермен көрініп жүр.
 
«Біз – Сарыкөлдің жастарымыз!»
Жақында дәл осындай атаумен «Бейбітшілік» саябағында ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен облыстың 80 жылдығына арналған мерекелік шара өтті. Бұны да еріктілер орталығы ұйымдастырды.
Шара барысында ұйымдастырылған түрлі акциялар, сауалнамалар мен ойындар жастар фестиваліне ұласты. Фестивал бағдарламасы заманауи спорт түрлері, би байқауы, әндер, «Бизнес жастар көзімен» көрме-жәрмеңкесі, жазуы бар футболкалар және фотобайқаудан тұрды.дис4
«Достық» саябағында да Workout жарысында қатысушылар өз шеберліктерін көрсетті. 3 кезеңнен өткен сында 1-орынды Владислав Барабаш, 2-орынды Данил Клияненко және 3-орынды Никита Федосовтар бағындырды.
Ал, «Батыр» стадионында стриболдан өткен жарысқа 5 команда қатысты, соның екеуі қыздар. Жап-жақсы өнер көрсеткен олардың да ойыны өте шиеленіске толы болды. Нәтижесінде, біріншіні «Жолбарыстар», екіншіні «Сұлулар», үшіншіні «Аралар» тобы өзара бөлісті.
«Бизнес жастар көзімен» атты көрме-жәрмеңкесінде кәсіптерін жаңадан бастап жатқан 4 кәсіпкер өз жұмыстарын таныстырды. Олар қынамен сурет салып, футболкаға жазу жазды.
Сондай-ақ, сол күнгі «ЖАСSTAR» заманауи әндер байқауында 2014-2016 жылдардағы әндер шырқалды. Бірінші жүлдені Карима Рекенова (Сарыкөл кенті) жеңіп алса, екінші орынды Руслан Махамбетов (Веселый-Подол ауылы), үшінші орынды Марина Карниенко (Златоуст ауылы) еншіледі.дис3
Ал, «STREET ART» заманауи би байқауында – Веселый-Подол ауылынан келген «FIESTA» тобы үздік атанды.
Жалпы, кеш аяқталар тұста «Менің Сарыкөлім!» атты шарасы өтті. Ол бойынша 1- орынды «Аралар» командасы бағындырса (Сарыкөл жастары), 2-орынды «РАУАН» (ЖҚБ) командасы еншілеп, ал 3-орынды «Патриоттар» (Мемлекеттік қызметкерлер) құрамасы алды.
дис3
Сондай-ақ, соңғы фотобайқау қорытындысында «Біздің кенттің жастары» номинациясымен Исмагуловтар жас отбасы жеңімпаз атанды. «Жастар және мәдениет» номинациясына Дана Кущегулова сай деп саналды.
Айта кеткен жөн, жалпы жарыстарға қатысушылардың бәрін аудан әкімінің орынбасары Елжан Тұрабеков құттықтады.
Барлық жеңімпаздар мадақтама және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
 
Руслан Әлкеев,
Сарыкөл ауданы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓