Еңбек-бәрін жеңбек

Көптің көңілін күпті еткен мәселенің бірі-мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту. Мүгедектерге қолдау білдіріп, белсенді өмірге тартуды Елбасы халыққа арнаған Жолдауында айтқан болатын. Мемлекет басшысының осынау саясаты Қостанай қаласында қаншалықты жүзеге асуда?
жұмыс мүгедекСоңғы жылдары еліміздегі мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамтуға баса назар аударылуда. Нәтижесінде еңбек етуге ниетті жандар жұмысқа орналасып, өзгелермен тең дәрежеде тіршілік ете алатындарын дәлелдеуде. Мәселен, Қостанай қаласында 7279 мүмкіндігі шектеулі жан бар. Соның 767  мүгедек бала. Еңбек етуге ниеттілердің саны 400 адамды құрап отыр. Мүгедектер арасындағы жұмыссыздық көрсеткішін төмендету үшін жыл басынан бері төрт бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткен. Жәрмеңкеде 200 кәсіпорын мен ұйым қаладағы бос жұмыс орындары туралы ақпарат берді. Іс шараға 148 мүгедек қатысып, оның 18 жұмысқа орналасты.  
 
 
Қымбат Досжанова

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓