Үкімет басшысы Қостанайда
Премьер-Министр «Қостанай» спорт, ойын-сауық кешеніне барды. Бұл кешен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бой көтерді. Қазір мұнда 29 адам жұмыс істейді. Айта кетейік, биыл спорт кешені №2 "Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің" балансына өтеді. Алдағы маусым айында кешенде жас спортшылардың оқу-жаттығу жиындары ұйымдастырылады. Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ерлан Спанов Үкімет басшысына өңірде Мемлекеттік жекеменшік әріптестік бойынша іске асырылатын басқа да жобалар туралы баяндады.Содан кейін Бақытжан Сағынтаев Рудный қаласындағы «Жас-Қанат 2006» ЖШС базасында «Ақылды құс фабрикасы» пилоттық жобасымен танысты.
Айта кетейік, үкімет басшысы жұмыс сапары барысында "Лидер-2010" ЖШС барады, облыстық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездеседі. Сондай-ақ, "ССКӨБ" АҚ-на, Индустриялық аймаққа, құрылысы жүріп жатқан "Алтын арман" жаңа тұрғын үй кешеніне, "Баян Сұлу" АҚ-на, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына арнайы соғады. Мұның сыртында, Президенттің бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру мәселесі жөнінде студенттермен жиын өткізеді және "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының облыста орындалу барысы туралы таныстырылымға қатысады. Жұмыс соңы облыс активімен және кәсіпкерлерімен өтетін кең ауқымды жиынмен аяқталмақ.
Сурет архивтен алынды