Десантшылар тәртіпсіздік жасады
2 тамыз күні кешқұрым Қостанай қаласының орталық саябағында бір топ десантшылардың киімін киген азаматтар ішімдікке сылқия тойып алып, айғайлап, даурыққанымен қоймай, сол жердегі субұрқаққа шомылуды жөн көріпті. Оқиғаны сол маңда демалып жүрген куәгерлер бейнетаспаға түсіріп алып, жазбаны «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде таратқан.

Қыдырбек Қиысханұлы
Сурет ғаламтордан алынды