Жемшөптің қоры жасалады
Амангелді ауданының шаруа қожалықтары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері және жекелеген тұрғындары жемшөптің 1,5 жылдық қорын жасады.
Аудан бойынша биыл 119,1 мың тонна құнарлы мал азығын дайындау алға қойылған. Қазіргі есепке жүгінер болсақ, 77,1 мың гектар жердің шөбі шабылып, 65,5 мың тонна мал азығы әзірленді. Жемшөп дайындаушылар көшін Қарынсалды, Қабырға, Байғабыл ауылдық округтерінің пішеншілері бастап келеді.