Ел келешегі жастарда
Жыл сайынғы Президент Жолдауы Қазақстан халқы үшін өте маңызды. Сондықтан да Елбасымыздың Жолдауын әр отбасы, әр ұжым асыға кү-теді десек қателеспейміз, өйт-кені оның мазмұнында әрбір қазақ үшін өзекті мәселелер қозғалады әрі оларды шешу жолдары ұсынылады. Жыл сайынғы күтілген үміт пен артылған сенім халықтың ойынан шығуда.
Елбасының жыл сайынғы Жолдауында еліміздің қарқынды дамып, болашаққа нық қа-дам басуы үшін негізгі салалар-ды ұмыт қалдырмай, дамытуды көздейді. Биылғы Жолдау бұрынғылардан өзгерек. Өзгерек деп отырғанымыз – Жолдаудың тек қана тақырыбының өзінде үлкен мән, ұшқыр ой, салиқалы саясат жатыр. Бұл ауқымды Жолдау, өйткені он-да өте үлкен жоспарлар белгіленіп, халыққа мемлекет тарапынан зор көмектер жасалмақ. Бюджеттен, Ұлттық қордан, шетелдік инвестициялардан экономиканы дамытуға, жол салуға, халықтың әлжуаз тобына, шағын және орта бизнесті қолдауға қомақты қаражат тартылмақшы. Бұл Жолдауды тарихи Жолдау деп айта аламын, өйткені Елбасы геосаяси жағдайға нақты баға берді, еліміздің жақын келешектегі даму бағытын айқындады.
Елбасымыз әр сөзінде Қа-зақстанның болашағы жастардың қолында, оны көркейтіп, дамытатын да осы жастар еке-нін қадап айтады. Жолдаудағы жастарға арналған негізгі үш бағытқа тоқталғым келеді. Бі-рінші – білім мәселесі. Қазақстанның болашағы жастар мен бүгінгі мектеп оқушылары десек, олардың әлемдік бәсекеге сай білімді, жан-жақты болуы маңызды. Бүгінде дамыған елдердің барлығы осы білім саласына ұдайы инвестиция құйып келеді. Соның нәтижесінде, табиғи байлықсыз-ақ, олар өздерін әлемдік сахнада экономикасы жетілген, табысты мемлекеттер ретінде танытты. Елбасының білім саласына қыруар қаражаттың бөліне-тінін және еліміздің беделді 10 жоғары оқу орнының әлемдік стандартқа сай етіп жасақталатынын мәлім етуі – біздің дамыған ел болуға бағыт алғанымызды көрсетеді. Білім саласы туралы әңгіме қозғалғанда мектептер туралы айтылатын ойлар бізді де бей-жай қалдырмайды. Болашақ ұрпақ үшін заманауи әдістер мен технологияларды енгізу, білімге қолжетімділікті кеңейту, білім сапасын арттыру Қазақстанның одан әрі қарыштап дамуына үлкен үлес қосып, болашаққа деген сенімді нығайтады. Білімді ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі, болашақтың тірегі жастардың білім саласында толыққанды білім алуына жағдай жасалып отыр.
Екіншісі – ұлтаралық достық. Осы орайда, Елбасы өз сөзінде "Этносаралық келісім – ол өміршеңдік оттегі. Біз дем алған кезде оны байқамаймыз, ол өздігінен болады – біз тек өмір сүреміз. Бірлігіміз бен этносаралық келісімді біз өзіміз сақтауға тиіспіз. Оны біз үшін ешкім ешқашан сырттан келіп жасамайды. Біздің жастарымыз жаңа, тәуелсіз елде өсіп келеді. Бүгінгі буын 90-шы жылдардағы этносаралық соғыстар мен қақтығыстарды, күйреуді көрген жоқ. Сондықтан көпшілігі Қазақстандағы тұрақтылық пен қолайлы өмір-ді туғаннан солай болуға тиіс сияқты қабылдайды." Менің ойымша, достық пен келісім болмаған жерде ешқандайда даму болмайтыны анық.
Үшіншісі, 2015 жылдан бастап жас отбасыларға бастапқы жарнасыз және төмен пайыздық көрсеткіште тұрғын үйлер салуға 180 миллиард теңге қаражат бөлінетінін жеткізді. Өзімізге белгілі бүгінгі таңда жаңадан отбасын құрған жастардың бір жылдың ішінде үштен бірі ажырасып жатыр, әрине, бұған көптеген мәселелер ықпал ететіні түсінікті. Дегенменде кейбір мәліметтерге сәйкес, еліміздегі жалпы жас отбасылардың 80% жуығында жеке пәтер жоқтығын ескерсек, Елбасымыз жастарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мәселесін дөп басып айтты. Баспанамен қамтамасыз ету мәселесі ынталандырумен қатар жастардың мемлекетке деген көз қарасы мен сенімінің арта түсуіне көмектеседі. Басында баспанасы бар, тұрақты жұмыспен қамтылған жастар елінің болашағына қызмет жасайтыны анық.
Сондықтан да Елбасының Жолдауы – болашаққа сенімді қадам деп айтуға толық негіз бар. Жолдауда ел жастарының алдына айқын мақсат-міндеттер қойылып, өскелең ұрпаққа үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр, себебі Отанымыздың бет-бейнесі және оны келесі ұрпаққа қалай тапсыра алатынымыз жас ұрпақтың белсенді-лігіне байланысты. Ең бастысы бізде – оны дамыта алатын білім беру жүйесі қалыптасқан. Елбасы әрқашан да педагогикалық қауымдастыққа үлкен үміт артады. Қазақстанды баршаға жайлы, ашық ортаға айналдыру мақсатында қойыл-ған міндет – білім берудің инклюзивті кеңістігін ұйымдастыру талабымен ұштасады. Олай болса барша ұстаздар қауымы Елбасының артқан сенімі мен үмітін ақтап, болашаққа білімді, тәрбиелі, жігерлі жастарды аттандырайық!
Бүрлен ӘНУАР,
№2 орта мектептің тарих пәні мұғалімі.
Федоров ауданы.