Біздің жерлесіміз Ресей батыры
Қазақтың сын сәтте оттан да, судан да тайынбайтын батыр халық екендігін тағы бір қандасымыз жете дәлелдеп берді. Бұл жөнінде бірер айдан бері Ресейдің барлық басты телеарналары мен мерзімдік басылымдары жарыса айтып та, жазып та жатыр.

Қазақтың ержүрек ұлы, әрі біздің жерлесіміз Серік Сұлтанғабиевке Ресей президенті Владимир Путин Ресей батыры атағын берді,
Фрунзе жалпы әскери академиясын бітірген жерлесіміз Қостанай облысының Меңдіқара ауданының тумасы. Ресейде түрлі әскери бөлімдерде қызмет атқарып, тіпті, Солтүстік Кавказдағы соғыс қимылдарының өткелегінен де өткен. Полк командирлігіне тағайындалғанына екі-үш айдың ғана жүзі болған екен.
Ресей қарулы күштерінде дәл осындай жағдай бұған дейін Амур облысындағы бір әскери бөлімде болған екен.
Майор Сергей Солнечников та қатардағы жауынгерлердің бірінің қолынан түсіп кеткен гранатаны денесімен жауып қалып, қаза тапқаннан кейін оған Ресей Батыры атағы берілген.
Дегенмен, мәселе атақта да емес қой. Ең бастысы, қазақ баласының асқан ержүректігі мен батылдығын тағы да тұтас бір халық мойындады, осыны естіп, біліп жатқан ұлтымыздың мерейі тасыды. Енді көзсіз Ердің тез сауығып кетуін тілейік…

Мешіт Ғазиз