Қызыққа толы қала күні
Кешелі бері қостанайлықтар қала күнін ерекше ықыласпен атап өтуде. Түрлі спорттық һәм мәдени шаралар ұйымдастырылып, концерттік бағдарламалармен жалғасып жатыр. Айта кетейік, кеше қала тұрғындарын эстрада әншісі Серік Ибрагимов құттықтап, ән кешін берді. Осы күні «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» саябағында мотофристайл шеруі басталды. Күн аяғында «Сиқырлы би әлемі» фестивалі мен лазер шоуы өткізілді.


Бизнес орталығының маңына жиналған жұрттың қарасы қалың. Себебі, бұл жерде хот-дог әзірлеуден облыс чемпионаты өтті. Басты талап – 6 минут ішінде 30 хот-дог жасау. Үздік шыққандарға тұрмыстық техникалар тапсырылды.


Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ.