Судьялар тағайындалды
Қостанай облыстық сотында пленарлық отырыс болды, оның барысында жаңадан тағайындалған судьялар таныстырылды.
Аталған іс-шараға облыстық соттың алқа төрағалары, облыстық соттың судьялары мен шақырылған судьялар, сонымен қатар Қостанай облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшылығы қатысты.
«Қазақстан Республикасы соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» ҚР Президентінің 2018 жылғы 04 мамырдағы №680 Жарлығымен Қостанай облыстық сотының судьясы қызметіне Слободяник Елена Николаевна, Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы қызметіне Жұматаев Ерқанат Ераманұлы және Мендіқара аудандық сотының төрағасы қызметіне Бекішев Нұрлан Қабиұлы, Рудный қалалық сотының судьясы, Ақмола облысының МАЭС судьясы және Жітіқара аудандық сотының төрағасы қызметтерінен босатыла отырып, тағайындалды.
Судьяларды ұжымға таныстыра отырып, Қостанай облыстық сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев аталған судьялар сот жүйесінде бірнеше жыл еңбек еткендерін атап көрсетті.
Асламбек Мерғалиев барлық судьяларға еңбекте табыс, барлық білімдері мен кәсіби шеберліктерін сот төрелігін атқаруға жұмсап, жаңа жұмыс орнында сәттілік тіледі.