«Таза су айдындары» акциясына қатысыңыз!
Жыл сайын республика бойынша мамыр айында балық шаруашылығы су айдындарында табиғат қорғау «Таза су айдындары» акциясы өткізіледі. Биыл да Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығымен республиканың барлық су айдындарында аталмыш акцияны қолға алды. Қазіргі таңда су айдындарының пайдаланушылары, жергілікті атқарушы органдарымен жағалауды тұрмыстық қалдықтардан тазалау, су айдындарында қараусыз қалған аулардан тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталмыш акцияға айдындарды ластау мәселесіне бей-жай емес, азаматтарды қатысуға шақырамыз. Акция 1 мамырдан 31 мамырға дейін өтеді.
М.Қ. Дандубаева,
«Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ
балық шаруашылығы бөлімінің бас маманы