Табысы төмендеді
Облыста. Өңірдегі тау-кен өндіріс ошақтарының табысы төмендеп барады. Жұмыр жерді жайлаған саяси, экономикалық тұрақсыздық тау-кен саласына да кесірін тигізуде. Мысалы, жыл басынан бері «ССКӨБ» АҚ өндірістік қуаттылығы 4,9 пайызға төмендеген. «Қостанай минералы», «Варваринское», «Орион Минералс» кәсіпорындарындағы жағдай да осы деңгейде. Билік өкілдерінің есебінше, тау-кен саласынан түсер табыс 20 млрд теңгеге қысқарған.