Тілі бірдің – тілегі бір
Қостанай облыстық тілдерді оқыту орталығының қызметінің бірі- Ресей Федерациясында тұрып жатқан қазақ диаспорасымен қазақ тілін және мәдениетін сақтау әрі дамыту мәселелері бойынша тығыз байланыс жасауды қамтамасыз ету.Бұл байланыс 2009 жылдан бастап, жоспар бойынша жасалып, әртүрлі кездесулер, семинарлар, шеберлік сыныптар арқылы жүзеге асырылып келеді.Екі жақтың қарым-қатынасы жылдан-жылға нығайып,дәстүрлі іс-шараға айналды. Былтырғы жылы Қостанай делегациясы Ресейдің Магнитогорск қаласына барып, шеберлік сыныптар ұйымдастырса, сол жылдың тамыз айында оқыту семинар Қостанай облысының Қарабалық орталығында өз жалғасын тапты.Ал биылғы жылы Челябі қаласынан және оның алты ауданынан жиырма шақты қандастарымыз Қостанайға оқыту семинарына қатысу үшін келді.

Тілдер орталығының оқытушылары: Қ.Ырғызбаева "Туған жер-алтын бесігім", "Қазақстанның көрікті жерлеріне саяхат", Т.Табулденова "Отбасы-тәрбиелік бастауы", "Ынтымақты отбасы", А.Доспанова "Қазақтың салт-дәстүрлері", "Салтым-асыл қазынам" атты шеберлік сабақтар өткізіп, интерактивті тақтамен, электронды оқулықтармен жұмыс істеу түрлерімен, оқытуда қолданылатын жаңа әдіс-тәсілдермен таныстырды. Семинардың соңғы күні тыңдаушылар арасында интеллектуалды-танымдық ойын ұйымдастырылып, сауалнама жүргізілді. Бұл іс-шараның мақсаты-оқытушылардың шеберлік сабақтардан алған білімін бекіту және семинардан алған әсерін, тілек-ұсыныстарын анықтау.
Семинарға қатысқан бауырларымызға Қостанайдың көрікті жерлеріне:Ы.Алтынсарин атындағы облыстық мемориалдық мұражайы мен, І.Омаров атындағы қазақ драма театрына экскурсия ұйымдастырылды.
13 тамыз күні театр ғимаратында семинарға қатысқан, бауырларымыз "Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Қостанай облыстық филиалының" төрайымы Н.Жәрімбетовамен кездесіп, шет елде тұрып жатқан қазақтарды толғандыратын мәселелерді талқылады. Бұл маңызды іс-шараның соңында Г.Тургунова делегация атынан алғыстарын білдіріп, болашақта осындай кездесулердің маңыздылығын атап өтіп,алдағы уақытта мұндай байланыстың үзілмейтініне сенім білдірді.
Семинар соңында басқарма басшысы Ж.Үмбетов семинарға қа-тысқан оқытушыларға салтанатты түрде сертификат табыстады. Жан-жақты біліммен қаруланған қандастарымз сол күні еліне аттанды.
Т.Табулденова,
облыстық тілдерді оқыту орталығының
оқытушысы.