Үй өртеніп, иесі көз жұмды
Қостанайдағы Краснопартизанский көшесінде жеке тұрғын үй өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомстводан мәлім етілгендей, өрт Краснопартизанский көшесіндегі №44 үйде болған.
«Өрт салдарынан 52 жастағы үйдің иесі қаза болды. Үйдің төбе жабындысы мен қабырғалары, жиҺаздар жанып кетті. Жалын 20 шаршы метр аумақты қамтыды. Үй аумағынан бір газ баллоны оқшау жерге көшірілді», – делінген ТЖД баспасөз қызметі хабарламасында.
Төтенше оқиға орнына қаладағы №1 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылды. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.