Нарыққа жол ашық

Қарабалық ауданындағы «Терра» ЖШС мал бордақылауды қолға алғалы екі жыл. Бүгінде серіктестіктің осы бағыттағы жұмысы өркен жайған, мал етін сыртқы нарыққа экспорттаумен айналысуда. Сенбі күні өңір тілшілері аумағы 8 мың бас бұқаға шақталған ферманың тыныс-тіршілігімен танысып келді. 32202903_605222556491441_3986103347202490368_n
    32163467_605222656491431_3394522106698924032_n 2009 жылы құрылған «Терра» ЖШС мал шаруашылығымен айналысуға 2012 жылдан бастап ден қойды. Мал бордақылауды 2016 жылы қолға алған шаруа қожалығында бастапқыда 3 мың бас бұқа болған. Ол былтыр 8 мың басқа артып, қазір 6 мыңға тарта ІҚМ аталығы өсірілуде. Ісі алға басқан серіктестікте 50-ге жуық адам тұрақты жұмыс атқарады. Мал басын облыстағы шаруа қожалықтарынан және жеке тұлғалардан сатып алатын «Терра» ЖШС 450 келіге дейін өсіріп, ет күйінде де өткізеді. Бұл серіктестік өнімінен дайындалған ас түрлері «Террамит» маркасымен шығады.     

– Өздеріңіз байқап отырғандай, ферманың аумағы кең, барлық жағдай жасалған, – дейді «Терра» ЖШС-нің директоры Нұрболат Құтқожаев. –  Бүгінде мұнда 6 мың бас бұқа бар. Фермада ангус, әулиекөлдік және ақбас асыл тұқымды зеңгібаба төлі өсіріледі. Одан бөлек, халықтан сатып алынатын бұқа түрлері де бар. Нарыққа шығуды 2016 жылы Орынбор қаласындағы «Orenbeef» ет комбинатына малды тірі күйінде экспорттаумен бастаған едік. Кейіннен ол аз уақытқа тоқтатылды. Бүгінде ет түрінде экспорттаймыз. «Beefstream» атты серіктес ет комбинаты арқылы Екатеринбург қаласына және Башқұрстанға жібереміз. Биылдан бастап тірі мал түрінде экспорттау жұмыстарын қайта жаңғыртқалы отырмыз. Жоспар бойынша, жоғарыда атап өткен «Orenbeef» ет комбинатына ай сайын 300 бастан өткізбекпіз. Ол ет комбинаты өте үлкен, ай сайын 4800-ге тарта мал басын жіберуге болады. Алайда, біз 300 бастан бастағанды жөн санап отырмыз. Ол дегеніміз – 68 тонна ет өнімі. Біздің өнім атап өтілген ет комбинатының көңілінен шығады. Оларда мал етін өңдеуге арналған технология әлдеқайда дамыған. Сол себептен, ірі қараны тірі күйінде алғанды құп көреді. 32235283_605222626491434_1266238946786934784_n    Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мал шаруашылығы бөлімінің басшысы Әлібек Оразбаевтың айтуынша, аймақта  мал бордақылаумен айналысатын алдыңғы қатарлы үш серіктестік бар. Олар – 3 мың бастан жоғары ұстайтын бүгінгі Қарабалық ауданындағы «Терра» ЖШС, Қарасу ауданындағы «Қараман және К» ЖШС және Қамысты ауданындағы «Алтынсарин» ЖШС.32159591_605222733158090_4577962957421412352_n Аталмыш шаруа қожалықтарының барлығы үстіміздегі жылдан бастап тірі малды экспорттаумен айналыспақ. Аймақтағы экспорттың бұл түрінің жаңғыруына ҚР АШМ-нің кедендік құжаттарды рәсімдеудегі өзгерістері әсер еткен. Бұрындары етті экспорттау бойынша құжаттарды рәсімдеуге 7-ден 10 күнге дейінгі уақыт жұмсалса, бүгінде ол 1-3 күнге дейін қысқарды. 32157215_605222559824774_3720577847509647360_n
    32149586_605222673158096_5606953562954268672_nАйта кетейік, мұндай шаруашылықтарға мемлекет тарапынан әлі де қаржылай көмек беріледі. Мысалы, былтыр «Терра» ЖШС 480 млн теңге көлемінде мемлекеттік қолдауға ие болған еді.     
    БАҚ өкілдері малды тірі күйінде экспорттау жұмыстарына бастан-аяқ қанықты. Яғни, бұқалардың қажетті құжаттарын дайындау және салмақ дәрежелері бойынша өлшеу жұмыстарымен танысты. Осылайша, қайта жаңғырған дәстүр бойынша Орынбор қаласынан 2 мал таситын көлік келіп, 60 бас бұқа тиеп әкетті. 

 

(Бейнебаян "Айна" сайтынан алынды)

Ақбота САҚҰЛОВА
суреттерді түсірген автор

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓