Бес бірдей техногенді өрт шықты
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, облыс аумағында бес бірдей техногенді өрт оқиғасы болды.
Мәселен, осы аптада Ұзынкөл ауданының Новопокровка селолық әкімдігіне тиесілі "Лада" маркалы көлігі отқа оранса, Әулиекөл ауданының Құсмұрын кентінде бес тонна шөп тиеген "Камаз" көлігі жанып кеткен. Сондай-ақ, Қарасу ауданының Жамбыл ауылында екі бірдей шөпқора өртенсе, мұндай оқиғалар Сарыкөл мен Меңдіқара аудандарында болған. Абырой болғанда, кісі өлімі мен зардап шегушілер жоқ.
Қарлығаш
ОСПАНОВА