Тілсіз жау жағадан алды
Жыл басынан бері Арқалық өңірінде далада 6 өрт шықты. Жанған жер көлемі 212 гектарды құрайды. Атап айтқанда, Ақтас ауылында (2 өрт оқиғасынан) – 75 га, Қайыңдыда – 49, Қызылжұлдызда – 37, Алуада – 36, Ақжарда – 15 гектар жерді қызыл жалын шарпыған.

Мұрат
ЖҮНІСҰЛЫ