Ардагер ақтарған сыр (БЕЙНЕ)

Қасымхан Алдабергенов – қаламгер, ұстаз, жыршы-термеші, Ұлы Отан соғысының ардагері. 1925 жылы Қамысты ауданының Талдыкөл ауылында дүниеге келген. Жітіқара ауданынан әскер қатарына алынып, 1943-1950 жылдар аралығында Отан алдындағы борышын өтеді. Майданнан оралған соң мұғалім, кейін "Қостанай таңы" облыстық газетінде тілші болып қызмет етті. ҰОС 2-дәрежелі орденімен, "Ерлігі үшін" медалімен марапатталған. Қазақтың жыршы-термешілік, айтыс өнерін дамытуға үлес қосты. 93-ті алқымдаған ардақты ардагер әлі тың, еңсесі тік, қажыры бойында. Лайым амандығын тілейміз!IMG_4749
Жеңіс мейрамы қарсаңында әріптестеріміз ақсақалдың шаңырағына барып қайтқан болатын. Қасымхан ата ескі күндер естелігін еске түсіріп, әсерлі әңгімелер айтты. Қолына қара домбырасын алып, ән де салып берді.
 
 
Таспагер Бердіболат Көркембаев
Монтажшы Қасқырбай Қойшыманов
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓