Қостанайда қоқыс көліктері шығады

«Аллюр» Компаниясы» тобы Қостанайдағы «СарарқаАвтоПром» ЖШС-нің базасында қатты тұрмыстық қалдықтар мен өнеркәсіптік қалдықтар жинап, тасымалдайтын көлік шығаруды қолға алды.IMG-20180427-WA0036
         Бүгінгі таңда компания JAC шассиінің базасында N сериясымен (изотермикалық, өндірісті-тауарлы фургондар, қорапты жүк көліктері) комммерциялық техниканың 9 түрін шығарып жатыр. Сондай-ақ, Iveco 682 базасында тағы үш нұсқасы құрастырылуда. Бұл көліктер коммуналдық қызметтің мұқтажын өтеуге арналған. Өткен жылы дәл осындай 96 коммерциялық көлік шығарылған.
        Жалпы, «СарыарқаАвтоПром» ЖШС жыл сайын өндірісті жаңғыртып, көлік құрастыру көлемін ұлғайтып келеді. Өткен жылы тұтынушылардың сұранысымен тұрмыстық қалдықтар жинауға арналған екі сынамалы көлік шығарылған. Оның біреуі «Таза әлем-Астана» ЖШС-іне берілген-ді. Ол коммуналдық қызмет жүйесіне пайда әкелетіндігін дәлелдеп шықты. Заманауи көліктердің қосалқы бөлшектері Еуропадан, Түркия мен Ресейден әкелінген. Мұндағы отандық үлестің салмағы 35%-ке тең.
          Қалдық тасымалдайтын көліктердің артықшылығы сол, оған қалыңдығы 6-8 мм болатын HARDOX маркалы жоғары сапалы шойын пайдаланылған. Тағы бір ерекшелігі – контейерлер өздігінен жуылады. Ол үшін техникаға су толтырылған бак орналастырады. Көлік қалдықтарды түсірген соң,  бос контейнер қоқыс қалдықтарынан тазартылады.
        – Баламалы техноголияны қолдану арқылы өндіріске жол тартқан көліктер жеті жылдан бері Ресей Федерациясында сынақтан өткізілді және жақсы сапаға ие. Нақты бағытта сынақтан өткізілген көліктер көрсеткендей, шағын автокөліктердің өзінде барлық функциялар атқарылады, – дейді «Allur Auto Astana» ЖШС сату бөлімінің бастығы Александр Цой.
         Қоқыс тасымалдайтын көлік өндірісі жекеменшіктердің де тапсырысын орындайды. Мәселен, қалалық жердегі кейбір коммуналдық шаруашылықтар арнайы техниканы сатып алуға мүдделі. Оның бағасы 20 млн теңгеден басталады. Жақын арада көліктерді ТМД елдеріне сатуға шығару жоспарланып отыр. Айпақшы, әмбебап көліктерді жеңілдетілген лизинг бағдарламасы арқылы да алуға әбден болады.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓