Оқушылар назарына!

Осы жылдың 10 мамыр айына дейін  «Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты» КММ 5-сыныпқа  оқушыларды   қабылдау үшін  конкурстық іріктеуге құжаттар қабылдайды.651A0C61-8AD1-475F-887D-82664C520B55_w1023_r1_s
Конкурстық іріктеуге қатысу үшін қабылдау комиссиясына келесі құжаттар ұсынылады:
  1. осы Әдістемелік нұсқаулықтарға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша талапкердің ата-анасының/заңды өкілінің өтініші;
  2. үміткердің туу туралы куәлігі/паспортының немесе жеке куәлігінің (бар болған жағдайда) ЖСН көрсетілген (қосымша) көшірмесі;
  3. оқудағы жетістіктерін растайтын тиісті білім беру ұйымдарының мөрімен бекітілген талапкердің сертификат, дипломдарының көшірмелері;
  4. үміткердің 3х4 көлеміндегі 2 фотосуреті.
Құжаттарды қабылдау   уақыты  9.00.- 17.00.- дейін жүргізіледі.
Конкурстық іріктеу 2018 жылдың 11 -18 мамыры аралығында өтеді.
 Мекенжайы: Қостанай қаласы, Ы.Алтынсарин көшесі № 118.
Анықтама телефоны: 8 (7142) 54-56-94

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓