Балғамен бас салған

Қостанай облысында шизофренияға шалдыққан зейнеткер екі ер адамды балғамен ұрып өлтірмек болған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. photo_1064722018 жылдың 18 ақпанында қолына балға ұстаған Лисаков тұрғыны тұрғын үйдің баспалдақ алаңында екі адамға шабуыл жасаған. Бас сүйегі сынған және гематома алған зардап шеккендер Лисаков қаласының ауруханасына жеткізілді. 
"Ол сайманды жәбірленушілерге ала жүгіріп, бірнеше соққы жасап үлгерген. Соққылар ер адамдардың басы мен денесінің жоғарғы бөлігіне тиген", – дейді облыстық соттың баспасөз қызметінің өкілдері. 
Зардап шеккен ер адамдардың бірінің анасы жәбірленушіні киімінен тартып пәтерге кіргізіп, есікті жауып үлгерген.  Амбулаторлық сот психологиялық-психиатриялық сараптама қорытындысы қылмыс кезінде 64 жастағы зейнеткер параноидты шизофрениямен ауырғанын көрсетіп отыр. 
Іс материалдары Қостанай облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырлған ауданаралық сотына жолданды. 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓