Аяғына қарап, асын іш…

Жітіқара ауданындағы «Бренд» ЖШС жұмысшылары аудандық прокуратураға шағым түсірді. Шағымда тамақтандырудың сапасыздығы, еңбек пен демалыстың бейберекеттігі алға тартылған.  Аталған арыз бойынша жоспардан тыс тексеріс ұйымдастырылып, дереу өндіріс орнының тыныс-тіршілігі бақыланды.грязь
Тексеріс барысында ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген санитарлық ережелер мен межелердің өрескел бұзылып келгені анықталды. Нақпа-нақ айтқанда, серіктестіктің меншікті асүйі олақтық пен салақтыққа белшеден батып отырғаны әшкере болды. Тазалықшылар ыдыстарды арнайы жуу құралдарынсыз шайып келген. Жіпке тізгенде, олардың қолдарына щетка, тазалағыш ұнтақ сынды қажетті заттар ешқашан ұстатылып көрмегенге ұқсайды. «Жуылып қойылған» ыдыс-аяқтардың өзінен асқазанға зиян әкелетін таяқшалы бактериялардың табылғаны соны айғақтап берді. 
Ауқаттану бөлмесінің өзі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес болмай шықты. Азық-түлік сақтау ережелері де бұзылған. Сондай-ақ, асхана жұмысшыларының біреуінде де медициналық тексеруден, асүй жұмысына рұқсат беретін гигиеналық оқытудан өткендіктерін дәлелдейтін құжаттар болмай шыққан.
Аудандық прокуратура, осынау ережебұзушылықты «жуып-шаюды» міндеттеп, санэпидемиологиялық органға ұсыныс жолдады. Ал, «Бренд» ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 185 жұмыскердің құқығы қорғалды.  
 
Жандос Жүсіпбек

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓