Тәртіп сақшылары көмекке келді

22 қараша күні зейнеткер Николай Явкин Тобыл өзеніне барып мұздың қатқан-қатпағанын білмек болды. Мұз жұқа екен, ойылып кетті. Осы кезде №255 экипажының полицейлері Ермек Борамбаев пен Александр Васильев зейнеткердің суға түсіп кеткенін байқап қалды. Ермек суға секіріп, оны жағаға алып шықты. Алғашқы көмек көрсетіп, үйіне әкелді. Николай Явкиннің қарындасы Полина Александровна ағасын құтқарған полицейлерғе алғыс айтты (суретте).