«Тіл – парасат»

Қатысушылар үш бағыт бойынша сынға түсті. Нәтижесінде, Әулиекөл ауданынан келген Байметов Халмурад «Сөз шебері», Федоров ауданынан келген Сорокина Александра «Шабыт жұлдызы», Меңдіқара ауданынан келген Понкратенко Вера «Көрермен көзайымы» номинацияларына ие болып, дипломдармен және «Сулпак» тұрмыстық-техникаларды сату бойынша дүкендер желісінің 5 мың көлеміндегі сыйлық сертификаттарымен марапатталды.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі І орынды Амангелді ауданынан келген Терентьева Оксана ие болды. Жүлделі ІІ орынды Қостанай педагогикалық колледжінің студенті Султаншина Виктория иеленді. Үздік үштікте – Рудный қаласынан келген Дорошко Виктория. Байқауға қатысқан 18 үміткерге «Тіл-парасат» атты облыстық байқауына қатысқандарын растайтын сертификаттар тапсырылды.