Көпсалалы аурухана салынады

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласының Қонай шағын ауданында басталмақ заманауи көпсалалы аурухананың құрылысына қатысты кеңес өткізді. Бұл туралы аймақ басшысы "Инстаграм" желісіндегі парақшасына жазды.Безымянный
Үкіметте 2020-2025 жылдарға арналған денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында республикадағы аурухана инфрақұрылымын жаңғырту жоспарланған. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, еліміздегі ескірген 40 нысанның орнына халықаралық деңгейдегі көпбейінді 16 аурухана салынады. Солардың бірі – Қостанай облысында.
«Жаңа аурухана денсаулық сақтаудың талаптары мен стандарттарына сәйкес заманауи құрылғылармен жабдықталады. Медициналық ұйым кардиохирургия, нейрохирургия, терапевтік және хирургиялық көмектің барлық бейіндерін, қала тұрғындары үшін шұғыл медициналық көмек көрсетуді қамтиды. Аурухананы заманауи диагностикалық құрылғылармен жабдықтау жоспарланып отыр. Эндоскопиялық, сәулелік, зертханалық және изотоптық диагностиканы жүргізетін боламыз. Жобаны іске асыру Қостанай қаласының тұрғындарына сапалы және уақытылы медициналық көмек алуға мүмкіндік береді», – деді облыс басшысы жиын барысында.
Көпсалалы аурухана шамамен төрт жүз адамды қабылдауға қауқарлы. Архимед Мұхамбетов жауапты мемлекеттік органдарға осы жобаны жүзеге асыру бойынша кешенді шаралар қабылдауды тапсырды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓