Карантин жеңілдейді

Қостанай облысында «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» қаулыға өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.
Атап айтқанда, қаулының екі тармағы түзетілді. Жаңа жарлыққа сәйкес, облыста ұжымдық қызметтер мен жаппай іс-шаралар, оның ішінде жұма намазы, тарауих, айт намазы мен ауызашар, сондай-ақ пасха кезеңіндегі салтанатты қызметтер мен іс-шаралар (мешіт, шіркеу, синагога) өткізу шектеле отырып, діни нысандардың қызметіне рұқсат етіледі. Сонымен қатар, оларда орналасқан қоғамдық тамақтандыру нысандарының жұмысына әлі тыйым бар.
Мұның сыртында тұрғындарға жеке және топтық жаттығуларды ашық ауада өткізуге рұқсат етіледі. Өзгерістер 12 сәуірден бастап күшіне енеді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓