Жаңа Қылмыстық кодекс енгізілмек
Елімізде 2015 жылы Қылмыстық және Қылмыстық-процессуалдық кодекстің жаңа моделін қолданысқа енгізу жоспарланған. Осыған орай биылғы жылдың мамыр айынан бастап Бас көлік прокуратурасы құқық қорғау органдарымен бірлесіп жаңа кодексті оқытуға арналған апталық семинарлар мен сабақтарды ұйымдастырды.

Аталмыш Қылмыстық-процессуалдық кодексті қабылдау нәтижесінде бас бостандығынан айырылған тұлғалардың жауап беруіне арналған орындардың саны қысқарады деп болжанып отыр. Қомақты айыппұл салу, түзету және қоғамдық жұмыстар-ға тарту, бостандықты шектеу арқылы жүзеге аспақ. Сондай-ақ жаңа кодекстің жобасында ұлттық келісім мен әлеуметтік тұрақтылықты қорғауға баса назар аударылған. Экстремизм мен терроризм әрекеттері үшін жауапкершілік күшейтіліп отыр. Жаңа жобаны қолданысқа енгізу құқықтық іс-шаралардың кеңірек жүзеге асуына жол ашпақ.
Динара ИРГИЗБАЕВА,
Қостанай көлік прокурорының аға көмекшісі.