Елді мекендер қоқыстан арылуда

Елдімекендер қоқыстан арылудаТазалық – денсаулық кепілі. Қоршаған ортаның тазалығы  басты назарда болуы тиіс. Өкінішке қарай бұл талап барлық жерде бірдей сақталмаған. Ол-қылықтың орнын толтыру мақсатында, үкімет тарапынан көптеген іс- шаралардың қолға алынып жатқаны белгілі. Соның бірі – "Елді мекендердің санитарлық жағдайын қамтамасыз ету" бағдарламасы.
Жақында аталған бағдарлама бойынша қалаға қоңсы орналас-қан "Новый", "Северный" ауылдарындағы заңдастырылмаған қоқыстардың көзі жойылды. Бұл іске қазынадан 1 млн. 343 мың теңге қаржы бөлінген. Тазалық жұмыстарын "Екібастұзқұрылыс CDD" ЖШС жүргізді.
– Қазір елімізде шағын қалаларға көп көңіл бөлінуде. Бұған дейін Атбасар, Державин қалаларында осындай жұмыстарды атқардық. Енді міне, Арқалық қаласына келіп жатырмыз. Бұл жерде 1200 тонна қоқысты тазартуға келісім-шарт жасалған. Біз ұят болмасын деп, жоспарды үнемі асыра орындап беруге тырысамыз, – дейді серіктестіктің бас маманы Ғани Ахметов.
Жылдар бойы еңсені басып, жүріп-тұруға кедергісін келтірген күл-қоқыстан арылған тұрғындар көшелерінің сәні кіргеніне қуанышты.
Мұрат
      ЖҮНІСҰЛЫ
Арқалық қаласы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓