Мақсат – рухы биік тұлға тәрбиелеу

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы жүрегі "Отан", "Туған өлке" деп соққан азаматтарды бейжай қалдырған жоқ. Бұл бағдарламалық мақалада, әсіресе, білім саласына үлкен мән бөлінуде.  Рухы мықты ел тәрбиелеу – бұл ұстаздардың басты мақсаттарының бірі. Ұстаздың алдына келген әр оқушы ақ парақ секілді. Ол баланың келешегі қандай, ол қандай азамат болып өсетініне мектептің, мұғалімнің, ол беретін тәлім-тәрбиенің тікелей қатысы бар.41f2d544-b940-41e1-a1ac-75e4acea4172
Қостанай облысының білім басқармасының Ы.Алтынсарин мектеп-интернаты ұзақ жыл бойы оқушылардың дарындылығына ғана емес, олардың азамат ретінде қалыптасуына септігін тигізіп келеді. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясындағы құрастырылған «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы аясында мектебімізде  түрлі іс-шаралар желісі өткізілуде. Солардың бірі – «Қостанай таңы» газетінің «Ата тәрбиесі» ғибратнамасы аясында өткізілетін тәрбие сағаты.65ce427a-250e-4bc2-8bc1-9ff910ccaf9c
12 сәуір күні мектеп-интернатының қазақ тілі пәні мұғалімі Ағыбай Нұғманов және интернат меңгерушісі Бақытгүл Байдаулетованың ұйымдастыруымен «Атадан қалған асыл сөз» іс-шарасы өтті. Ол 10-сыныптардың оқушыларына арналды. Бұл «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының жүзеге асырылып жатқанына 1 жыл толуымен тұспа-тұс келді. Оқушылар іс-шара барысында Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би ауылына бөлініп, «Қостанай таңы» газетінің «Ата тәрбиесі» рубрикасынан алынған «100 жылда бір рет гүлдейтін гүлдің аты қандай?», «Жоқшылық дегеніміз не?» және «Сұлу қыздың сырын білу оңай ма?» тағылымдық әңгімелерін сомдап, тақырыптарға сай безендіріп жасаған қабырға газеттерін қорғады. Оқушылар көріністерінде атадан балаға мұра болып келе жатқан өсиеттердің мағынасы мен мазмұнын ашып қана қоймай, өздерінің актерлық шеберліктерін таныта алды. Іс-шараға  арнайы қонақ болып келген жыршы-термеші Ерсұлтан Жақсыбай «Қаншеңгел» толғауын орындап, оның шығу тарихына тоқталып өтті.  Бұл толғау оқушылардың жүрегінде үлкен әсер қалдырды. Іс-шарада мектептің «Киелі домбыра» және «Ажар» би үйірмелерінің оқушылары да музыкалық сәлемдемелерін жолдады.f5d0cade-a0d4-4d0f-8872-447365bb8205
 
6c38e5d6-04e1-47dd-8e88-6f988d1828b5Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Біз ХХІ ғасырдың жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз десек, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға тиіспіз», – деп өз мақаласында  атап көрсеткен еді. Міне, оқушылардың ұлттық салт-дәстүр мен төл мәдениетті танып-білуі  әлем кеңістігінде рухы мықты ел болып танылуымызға өз кезегінде үлес қосатыны сөзсіз.
 
Ақмарал Серікбаева,
Ы.Алтынсарин  атындағы дарынды  балаларға
арналған мектеп-интернаты мектеп директорының
тәрбие ісінің орынбасары 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓