Қос ел оқытушылары бас қосты

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде де Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты еңбегінің бір жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Халықаралық дәрежеде ұйымдастырылған жиында маңызды бағдарлама аясында атқарылған жұмыстар мен игі бастамалар зерделенді. Жобаны алдағы уақытта тиімді жүргізу жөнінде ұсыныстар мен пікірлер ортаға салынып талқыланды. Бұл туралы QOSTANAI' арнасының тілшісі жазады.кгуАлқалы жиында қостанайлық және ресейлік жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарында көтерген бастамалар негізінде Қазақстанды жаңғырту мәселелерін ғылыми негіздерге сүйене отырып талқыға салды. Сонымен қатар, конференцияға қатысушылар бағдарламалық мақаланың идеяларын жүзеге асыру мен білім беру қызметінің сапасын арттыру жолдарының шешуші бағыттары да әңгіме өзегіне айналды.
"Бүгінгі әлемдік бәсекелестік заманында кім-кімге де сергектік пен серпіліс қажет. Ал Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынған тың идеялары – жаңа нәтижелі көкжиектерге бастайтын серпіліс. Бұл ретте жоғары оқу орындары қоғамдық сананы жаңғыртудың қозғаушы күші болуы тиіс", – дейді ресейлік оқытушылар. 
Қоғамдық сана жаңғыруының қозғаушы күшіне айналуда жоғары оқу орындарының ғылым, білім беру және жас ұрпақты тәрбиелеуде орны ерекше. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек.  
Конференция жұмысында жауапты мемлекеттік құрылымдар мен ғылыми-сарапшылық жұртшылық өкілдері арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шешуші бағыттарын іске асыруын талқылау бойынша сұхбат өрбіді. Қатысушылар қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы шеңберінде жүргізіліп жатқан шаралар жайлы кеңінен ақпараттандырып, халыққа түсіндіру үшін осындай сұхбат алаңы жұмысының маңызы зор екенін атап өтті.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓