Қоқыс та кәдеге асады

Қостанайлық зағип жан Андрей Зелевский «Бастау бизнес» жобасы аясында қоқыс қалдықтарын өңдейтін цех ашып алды. Ерекше бизнесті былтырғы жылдың қараша айында бастаған. Бүгінде қолға алған ісін одан әрі кеңейткісі келеді.DSCN2033Көзі қарақты оқырман үшін Андрей Зелевскийдің есімі таныс деп ойлаймыз. Өйткені, кейіпкеріміздің тағдыры, отбасы туралы шамамен, 2015 жылы газетімізге жазған едік. Андрей көру қабілеті бойынша мүгедек. Оның жұбайы Светлана да мүмкіндігі шектеулі жан. Ерлі-зайыптылар екеуі де спортпен шұғылданады. Бірі шаңғы спорты, жүзу, жеңіл атлетикамен айналысса, екіншісі пауэрлифтингке жақын. Тағдыр қосқан екеудің Дарья есімді қыздары бар.
Спорттағы жетістігімен көзге түсіп жүрген Андрей Зелевский былтыр жаңа істі қолға алды. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының «Бизнес кеңесші» оқыту курсын тәмамдап,  одан кейін «Бастау бизнес» жобасына қатысады. Кәсіпкерліктің қыр-сырымен танысқан соң «Болашаққа қадам» республикалық бизнес-жобалар байқауында бақ сынап көріп еді, жеңімпаз атанды. Осылайша, өзі ұсынған жобаны іске асыру үшін мемлекеттік грантты ұтып алды.DSCN2021-. Мен өзім жаңадан іс бастап, бір кәсіппен айналысқым келді.  Ал банктер мүгедектерге несие бермейді. Сондықтан республиалық байқауға қатыстым. Сайыстың бір ерекшелігі, жеңімпаздың жүлдесі қаржылай берілмейді екен. Оның орнына бизнесіңізге тиімді құрылғыны таңдап аласыз. Мұндай қолдау мен үшін ауадай қажет еді. Техникалық сауаты бар таныстарымның ақыл-кеңесі бойынша, канадалық технология бойынша Ресейде жасалған құрылғыны таңдадым. Күн сайын 100 килограм қоқысты өңдейміз,-дейді Андрей Зелевский.DSCN2019Еңбекқор жанның өңдеу цехында екі адам жұмыс істейді. Болашақта кәсібін кеңейтуді жоспарлап отыр. Тұрмыстық қалдықтарды жинап, ұсақтау жұмыстарын одан әрі дамытып, шикізатты еріту ісіне көшкісі келеді. Қазіргі күні осы мақсатта қосымша грант алу ісіне кірісті.  Андрейдің тағы бір арманы зағип жандардың жолда жүруіне жағдай жасау. Жол үстіне таяқпен түртсең ерекшеленетін кедір-бұдыр плиткалар орнатқысы келеді. Шынымен де, ерекшеленген жолақтар көзі нашар көретін адамдардың жолда жүруіне ыңғайлы болар еді.
Қымбат ДОСЖАНОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓