Шойын құятын зауыт іске қосылады

Қостанай облысында Ресейдің «КАМАЗ» жария акционерлік қоғамымен бірлесіп жылына 45 мың тонна шойын құятын зауытын іске қосылады. Қазақстандық кәсіпорын Airbus пен Rolls-Royce-қа өнімдерін экспорттайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев Қазақстан машина жасаушыларының ІХ форумында осындай мәлімет айтты.
«Сонымен қатар, Қостанай облысында 2024 жылы Ресейдің «КАМАЗ» жария акционерлік қоғамымен бірлесіп жылына 45 мың тонна шойын құятын зауытты іске қосу жоспарлануда. Одан қозғалтқыштар мен көпір арқалықтары жасалады. Сондай-ақ, жүк техникасына арналған жетекші көпірлердің басты берілістерін шығаратын зауыт салынады. Оның қуаты жылына 65 мың дана бұйым шығаруға мүмкіндік береді. Бұл жобалардың бәрі толығымен экспортқа бағдарланбақ», – деді вице-министр. Сонымен қатар Марат Қарабаев Қарағанды облысының Саран қаласындағы шина жасау жобасы іске қосылғанын еске салды. «Бұл зауыттың жылына 3,5 млн шинаны шығара алады. Сонымен қатар, жақын арада өндірілетін компоненттердің тізімін едәуір кеңейту жоспарлары бар», – деді ведомсто өкілі.
           

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓