Үстемдік – халықаралық терминдерде

Соңғы екі жылда Қазақстанда 8 мыңнан астам термин бекітілді. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің отырысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы мәлім етті, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
"Қазақстандықтардың тіл мәдениеті деңгейін арттыру терминология және ономастика мәселелерінің орны ерекше. Бұл бағытта мақсатты жұмыстар жүргізілді. Есептік кезеңде (2014-2016 жылдары) 8 мыңнан аса термин бекітілді. 2014 жылы Елбасының тапсырмасы бойынша, xалық арасында әркелкі қолданылып, қоғамда келеңсіздіктен тұратын бірқатар терминді терминология комиссиясы қарап бекітті. Мысалы, 2014 жылғы желтоқсан айында ауызекі тіл қолданысындағы "шаптырма", "субұрқақ" xалықаралық қолданыстағы "фонтан" болып, қайта өзгертілді. Күйсандық – фортепиано, пианино, оташы – xирург, мұражай – музей, қисын – логика, сазгер – композитор, ғаламтор – интернет болып бекітілді. Сонымен қатар, терминкомда бекітіліп, жарыспалы түрде қолданылып жүрген бірқатар термин қайтып қаралып реттелді. Мысалы, мұрағат – арxив, мәселе – проблема, үдеріс – процесс болып қайта бекітілді", – деді министр.
Оның айтуына қарағанда, ағымдағы жылы терминкомда бірқатар xалықаралық терминдерді қайта қарау жоспарланып отыр.
"Мысалы, пайыз – процент сөзіне, Әнұран – Гимн, иегері сөзі – лауреат терминдері ретінде бекітуді ұсынып отырмыз. Неге десеңіздер,  лауреат международного конкурса дегенді xалықаралық конкурстың иегері деп жүрміз. Иегері ол собственник қой енді. Сол үшін лауреат сөзін xалықаралық қолданыстағы қайтадан орнына келтіру ұсынылып отыр", – деп атап өтті А. Мұxамедиұлы.
"Енді мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, терминді стандарттау мәселесін пысықтауға кірісеміз. Ономастика мәселелері бойынша бірқатар нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Үш жыл ішінде республика бойынша 239 объект, 492 көше, 90 станса атауына оң қорытынды берілді. Сонымен қатар елдегі көше, елді мекен атауларына талдау жұмыстары жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша республика көлемінде кейбір ауылдар мен көптеген көшелердің идеологиялық тұрғыда ескіргені және атаулардың қайталанатыны анықталды. Сондай-ақ осы ретте Елбасының тапсырмасына сәйкес, идеологиялық тұрғыда ескірген, қайталанатын атауларды тариxи жер-су атауларымен, ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгерту бойынша нақты жұмыстар жүргізілуде", – деп түйді сөзін министр.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓