Тазарту жұмыстары жалғасуда

        Қостанайда коммуналдық қызметтер су толған құдықтарды тазарту жұмыстарын жүргізуде. Бұл жұмыстарды ертерек бітіру жоспарланған, алайда, ауа райы қыңырлық танытып, кедергісін келтіріп тұр.
Қалалық әкімдік пен ТЖ басқармасының қызметкерлері өткен жылы нөсер суын жіберген Көбеев көшесінде болып қайтты. Енді ол көше алғашқы сынақтан өтпек. Еріген су бұл аулаға барлық ауданнан келіп құйылады. Мұнда жүздеген метркубтік су Қобыланды көшесінен бастап, Урожайная жеке секторын қосқанда жалпы барлық аймақтан келуде. Сонымен қатар,  Зерновой көшесімен Қайырбековтан аяқталады. IMG_6089            Коммуналдық қызметтің техникасынан бөлек көп усаскелерде ағын су жүйесін қолмен, күрекің көмегімен тазартады. Түнгі уақыттағы төменгі температураның әсерінен жабық ағын сулар мен құдықтар қатып, күндіз ыстық су көмегімен шаяды. Бүгінде облыс орталығында жалпы ұзындығы 95 км 355 канализациялық жүйе қызмет жасауда.       
         Ашық және жабық барлық канализацияларды негізгі тазарту жұмыстарын мердігер ұйымдар 20 наурызға дейін жүргізді. Алайда, қайта жауған қардын әсерінен оларды тағы бір мәрте тазартуға тура келді. 26 наурыздан бастап Қостанайда облыстық тасқын суға қарсы штабы жұмыс істейді. Су басқан жағдайда қала тұрғындары хабарласа алады. Тасқын кезеңінде ТЖ жою үшін құрамында мемлкеттік қызметтер, коммуналдық және жол кәсіпкерлері бар қалалық оқыс әсер ету жасағы құрылды.   Су басқан жағдайда күш пен құрал төтенше жағдай орнына 1,5 сағатта келуі керек.
       Қазгидрометтің мамандарының болжауы бойынша осы аптаның соңында қаламызда  қар белсенді ериді.
 
Қостанай облысынң ТЖД
Қостанай қ. ТЖ Басқармасы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓