Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі
М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті базасында Еуразиялық топтың бастауымен «Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі» жобасының Қостанай облысы бойынша жылдық қорытындысы таныстырылды. Дөңгелек үстелде жобаға кірген жоғарғы оқу орындары кәсіпкерлік бастамаларының даму стратегиясымен таныстырды. Жоба ERG (Еуразиялық топ), «Тель-Авив университеті достар Ассоциациясы» Алматы менеджмент университеті және «МОСТ» бизнес-инкубаторының серіптестігімен жүзеге асып келеді. 2017 жылдың наурыз айынан бастап, жұмысын қарқынды жүргізіп келе жатқан бұл жобаның мақсаты Еуразиялық топ бар аймақтарда студенттік кәсіпкерлікті дамыту болып табылады. Қостанай облысы бойынша жоба қатысушысы болып. М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университет және Рудный индустриалды институты таңдалып алынды.
Өткен жылда жобаға қатысушы жоғарғы оқу орындарында кәсіпкерлік мүмкіндіктің диагностикасы жасалып, оқу орнының әл-ауқаты басым тұстары анықталған болатын. Студенттермен қатар оқытушылар да «Идеядан стартапқа дейін» атты МОСТ бизнес-инкубаторы әдістері бойынша оқу жұмыстарынан өтті. Аталған жоба көмегімен университет студенттері «Кемел кәсіпкер» бизнес-кейстер чемпионатына қатысып, Bastau Camp жазғы кәсіпкерлік лагеріне жолдама алған болатын. Сол сапарда ҚИнЭУ студенттері қарағанды мемлекеттік медициналық университетімен бірігіп, бизнес-идеялар байқауынан екінші орын алып, идеяны жүзеге асыру үшін 750 мың теңге көлемінде сыйақыға ие болды.— Осы оқу жылы ҚИнЭУ-де барлық мамандықта оқитын бірінші курс студенттері үшін кәсіпкерліктің негіздері бойынша пән енгізілді. Бұдан бөлек, университетте кәсіпкерлік мектебі мен коворкинг-орталығы ашылды. Осы жыл басталысымен екі рет облыстық StartUp Weekend стартап байқауын өткізіп үлгердік. Тұрақты түрде ірі кәсіпкерлермен кездесулер ұйымдастырылып тұрады, – деп, университетте кәсіпкерлік салада атқарылып жатқан барлық іс-шара жайында ҚИнЭУ экономикалық факультетінің деканы Гульмира Дамбауылова айтып берді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаның аяқталу мерзімі әлі алыста, алда жастарды кәсіпкерлікке үйретуге арналған қаншама шаралар жоспарланған.
— Алдағы жылға өзіміз үшін жұмыс жасаудың жаңа бағыттарын жасап қойдық, – дейді, ERG ресми өкілі Гүлмира Матхаликова. – Бірінші кезекте, университет басшылығына стратегиялық желі арқылы трансформация қажеттілігін тудыруға көмектесеміз. Әрине, бұған басшылықпен қатар оқытушылар да тартылатын болады. Сондай-ақ, жобаға қатысушы жоғарғы оқу орындарына кәсіпкерлік құрылымды Израильден келетін мамандардың көмегі арқылы дұрыс құруға көмектесеміз. Бұдан бөлек, қатысушылармен тұрақты түрде байланыста болу үшін, «Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі» жобасының ортақ интернет-порталын ашуды жоспарлап отырмыз. «Евразиялық топ» жоғарғы оқу орындарын қаржыландыру арқылы, ең алдымен, серіптестік қарым-қатынас ұстануды көздейді. Басшылық та, оқытушылық құрам да кәсіпкерліктің дамуы маңыздылығына бірегей түсінушілікпен қарайды деген үміттеміз, – деп Гүлмира Кәрімжанқызы баяндамасын аяқтады.
Гулмира Матхаликова айтып кеткендей, «Еуразиялық топ» жобасы мақсаты – кәсіпорында жұмыс атқаратын адамдардың ғана емес, сол аймақта өмір сүретін барша адамның жақсы өмір сүруіне атсалысу
Ботагөз Ильясова,
ҚИнЭУ