Орын тапшылығы мәселесі шешіледі

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында мектептердегі орын жетіспеушілігі мәселесін алдағы 3 жылда шешетінін айтты, деп хабарлайды «Экспресс К». 
"«Ұлттық жоба аясында 2025 жылдың соңына дейін 800 мыңнан астам оқушы орны беріледі. Ол апаттық және үш ауысымды мектептердің мәселесін шешеді. Жаңа мектептер үшін құрылыс пен жабдықтаудың бірыңғай стандарты мен қазіргі заманғы технология қолданылады», — деді министр.
"Сонымен қатар Аймағамбетов алдағы жылдың басынан мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға өсетінін еске салып өтті.
"«2023 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға артады. Біз одан бөлек, мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруға баса мән береміз»,— деді Асхат Аймағамбетов.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓