Тасқынға әзірлік: облыс басшысы аудандарды аралады
Бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Әулиекөл, Қарасу аудандарына барып, көктемгі су тасқынына қарсы әзірлікті бақылап қайтты. Биыл облыс аумағындағы республикалық маңызы бар жолдарға айтарлықтай залал келуі мүмкін. Мәселен, жақында қар суының еруі салдарынан облыс аумағындағы «Екатеринбург-Алматы» республикалық тасжолының үстінен су жүріп кетті. «ҚазАвтоЖол» Қостанай облысы филиалының директоры Андрей Горват баяндағандай, биыл «Екатеринбург-Алматы» автожолының 714-716 шақырымына көпір салынады. Құрылыс жұмыстары 2019 жылдың наурыз аянда аяқталмақ. Жоба құны – 791 млн теңге.Мұнан соң аймақ басшысы Қарасу өзеніндегі мұз жару жұмыстарын бақылады. Бұл жұмыстар сең жүру басталғанға дейін жүргізілуі тиіс. Сондай-ақ, ол су тасқыны басуы қаупінің алдын алу үшін қажет.
Толығырақ газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.
Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ.