Өңір төтенше жағдайға дайын!

Көктем келіп, еліміздің бірқатар аймақтарындағы елдімекендерді су басып, жолдар мен көпірлерді шайып кетіп жатқаны жайында ақпараттар аз тарап отырған жоқ. Біздің өңірімізге жағдайы күрделі көршілес Қарағанды, Ақмола облыстарынан келетін судың қаупі бар ма? Жалпы, аймағымыз қар суынан келетін апаттың алдын алып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын ба? Осы және басқа да сауалдардың жауабын Қостанай облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Виктор Шиллер айтып берді.

– Қазіргі таңда облысымызда су қаупі төніп тұрған аудандар бар ма?

DSC_0157
Көктемгі тасқын кезінде Аманкелді, Әулиекөл, Жанкелдин, Жітіқара, Қамысты, Қостанай, Меңдіқара, Таран, Ұзынкөл аудандары мен Арқалық, Қостанай қалаларының 23 әкімшілік елдімекендерінде 12 км² артық аумақты су шайып өтті. Бұл 1471 тұрғын үй, 35 автокөлік жолдарының учаскелері. Биыл Әулиекөл, Науырзым, Қарасу, Арқалық аудандарының жолдарына қар шамадан артық түскен. Сәуір айының 10 күні облыстық тасқын су жағдайын бағалау үшін Қостанай облысы әкімінің орынбасары Б.Жақыпов, Қостанай облысының төтенше жағдайлар департаменті бастығы Т.Кәкімов, «Қазводхоз» ШЖҚ АМК Қостанай облысы филиалының директоры Д.Әбдікәрімова, сонымен қатар басқа да мемлекеттік органдардың жауапты жұмысшылары бар тасқын суға қарсы комиссия құрамы Торғай өзенінің алабы арқылы ұшып өтті. Торғай өзені алабының оңтүстік бөлігінде (Аманкелді, Жанкелдин аудандары және Арқалық аймағы) қар толық еріді. Тасқын су Қарағанды облысының Ұлытаудан Қараторғай, Саба, Сарыторғай (Екідін) өзендері арқылы Қарағанды ағып келеді. Судың арыны бір қалыпты, елдімекендерге қауіп жоқ. Ал Торғай өзенінің солтүстік бөлігіндегі Жалдама өзенінде қозғалыс байқалмайды. Сондай-ақ, Ұлытаудан Жыланшық өзені арқылы тасқын су қозғалысы басталған. Ағынның жолында су басып кету қаупі бар елдімекендер жоқ.DSC_0144
                – Арқалық қаласы маңайындағы жағдайға тоқтала кетсеңіз?
Қайыңды селолық аймағының 230 тұрғыны бар Қызылжұлдыз елдімекенін Қараторғай өзені суының басу қаупі бар болғандықтан, 12 сәуір күні кешке жергілікті атқару органдары және Арқалық қалалық ТЖБ қызметкерлері ауылдың 70 тұрғынын қауіпсіз жерге көшірді. img_936_120 адам өз көліктерімен Арқалық қаласына кетсе, қалған 50 адам биіктікте орналасқан бес үйге орналастырылды. Қауіпсіздік алдын алу шараларына ТЖД 8 қызметкері мен 2 техника жұмылдырылды. _6Арқалық қаласының әкімі, прокуроры, жергілікті атқару билігі, ТЖД жедел тобы елдімекен аумағын назарға алған. Айта кететін жайт, 11 сәуірден бері өзен суының деңгейі 7 метрге дейін көтеріліп кеткен. Су деңгейі шамадан тыс 5 метрге дейін көтерілу керек, одан жоғары көтерілмейді.
 
Шұға Аңсаған

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓