Болашақ журналистер Қарағандыда бақ сынады

Наурыздың 29 күні журналистика мамандығы бойынша Х республикалық пән олимпиадасының бірінші кезеңі өтті. Қазақ телевизиясының 60 жылдығына арналған шара Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті тарапынан өткізілуде.

Screenshot_2018-03-30-12-07-16-1Мақсаты болашақ мамандардың кәсіби қабілеттерін анықтау және талантты студенттерді қолдау. Олимпиадаға  «Журналистика» мамандығы бойынша білім беретін 16 жоғарғы оқу орнының 2-4 курс студенттері қатысты.
Бірінші кезеңде әр университет командасы өздерін таныстырса, түстен кейін студенттер телевизия тақырыбына арналған эссе жазды.Screenshot_2018-03-30-12-07-22-1

Таныстыру кезеңінде Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университеті мен Қорқыт ата­ атын­дағы Қызылорда мемле­кеттік университеті ең жоғарғы ұпайға ие болды. Ал халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Сулейман Демирел Университетінен келген топтар алғашқы үштікке енді.
Шара соңында қатысушылар үшін ҚарМУ тарапынан Қарағанды қаласымен таныстыру және университет мұражайына саяхат секілді мәдени демалыс ұйымдастырылды. 
Бүгін, наурыздың 30-ы күні, олимпиаданың екінші кезеңі басталды. Студентттер теориялық білімін тексеру үшін  журналистиканың жанры мен пішіндері, тарихы және телерадио журналистикасы пәндері бойынша 100 сұрақтан тұратын тест тапсырды, Екінші кезеңнің келесі тапсырмасы журналистерге  жедел ақпарат тарату. Республикалық олимпиада жеңіпаздары түстен кейін белгілі болады.   Screenshot_2018-03-30-12-07-27-1

Сайыс нәтижесі ҚарМУ сайтында (www.ksu.kz) және басқа да БАҚ-та  жарияланады. 
Материалды дайындаған СДУ Журналистика мамандығы студенттері.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓