COVID-19: +38
29 наурызда Қостанай облысында 38 адам корнавирус жұқтырған.
Атап айтқанда, Қостанай қаласының 17 тұрғыны, Рудный және Лисаков қалаларында 6 адамнан, Сарыкөл ауданында 3, Жітіқара ауданында 2, Алтынсарин, Амангелді, Меңдіқара аудандарында және Арқалық қаласында 1 адамнан індетке шалдыққан..
34 адам емханаға өздігінен жүгініп, 4 адам коронавирус расталған адамдармен байланыста болған күдікті ретінде тексерілген.
Індет жұқтырғандардың ішінде 32 адамда ауру белгілері болды, 6 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 29 наурыз аралығында COVID-19-ды 13 747 адам жұқтырған. Емделіп шыққан адамдардың саны – 12 233.