Латын қарпінде жазып көрейік

Наурыз мейрамын меңдіқаралықтар да ерекше атап өтті. Мерекелік думан мен берекелі дастархан, көрнекі дәстүрімізден бөлек айрықша акция ұйымдастырылды. боровскойМейрам аясында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес, Меңдіқара ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және Тілдерді оқыту орталығының қызметкерлері бірігіп, аудан тұрғындары арасында «Жылы лебіз» атты акция өткізді. Мақсат – аудан халқына латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиін кеңінен түсіндіру, жаңадан қабылданған қаріптен қарапайым тұрғындардың қаншалықты  хабардар екеніне көз жеткізу. "Латын қарпінде жазып көрейік" деп ұран тастаған ұйымдастырушылар мерее алаңына жиылған меңдіқаралықтарға тапсырмалар берді. Яғни алдын ала таратылған кеспе қағаздардағы таңбалардан, таңдап алу арқылы, өз есімдерін жазып, жұртшылықты мерекемен құттықтаулары қажет. Әуелде мүдіру мен шатасу көбірек болғанымен, мәре-сәре қатысушылар көп ұзамай үйреніп алды. бор
боровӨткізілген іс-шараға 500-ден аса аудан тұрғыны белсенді қатысып, ерекше қызығушылықтарын танытты. Ұйымдастырушылар да көзделген мақсаттың орындалғанына, акцияның жоғары деңгейде өткеніне тәнті болысты. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓