Рухани жаңғыру – ұлт мүддесі

Күні кеше ЧелМУ-нің Қостанайдағы филиалында "Болашаққа ғылыми көзқарас – қоғамдық сананы жаңғыртудың жолы" – "Дулатов оқулары-2018" Х Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Бұл пленарлық жиын "Рухани жаңғыру" бағдарламасының 1 жылдығына негізделіп отыр. Шараға жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары, кафедра меңгерушілері және студенттер қатысты.рухани
 
челмуМаңызды басқосуды облыс әкімдігі, М.Дулатов атындағы ҚИнЭУ және ЧелМУ-нің Қостанайдағы филиалы бірлесіп ұйымдастырды. Бұл жолы "Рухани жаңғыру" бағдарламасының жыл бедеріндегі жүзеге асу барысы өзекті тақырып болды. Құрметті меймандар осы аясында баяндамалар оқып, елбасының бағдарламалық мақаласының басым бағыттары туралы пікірлер алмасты. ruhani1Мәселен, ЧелМУ ҚОФ құқық кафедрасының профессоры Р.Г. Нұрмағамбетовтың "Рухани жаңғыру: тұжырымдамалық қосымшалардың мәнін түсінуден – жастар құндылығының заманауи жүйесін шынайы ауысуға дейін (жобалық кеңсе қызметі үлгісінде)" атты баяндамасы диалогтық алаңда талқыға түсті. Ол осы оқу орнының жобалық кеңсесі қызметінің тәжірибелік нәтижелеріне екпін салды. Өңір жастарын елбасы міндеттеп берген ортақ мақсатты іске асыру үшін бірігуге шақырды.
Жалпы, мінберге шығып сөз алғандардың барлығы елдік мүдде, жалпыадамзаттық құндылықтар мен бәсекеге қабілеттілік негізінде азаматтық сана-сезімнің өзгеруі, саламатты прагматизм, жасампаз және кәсіпкерлік ойлау дағдыларын қалыптастыру тұрғысында сөз толғады.
 
Суреттер интернеттен алынды

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓