“БАСТАҢҒЫДА” БАС ҚОСТЫ
Қостанай қаласындағы Наурыз мейрамының шырайын келтірген айрықша шара – "Бастаңғы" театрландырылған ұлттық шоуы. Былтыр тұңғыш рет ұйымдастырылып, биыл жарасымды жалғасын тапқан жастардың ойын-сауық думаны екі күн қатарынан салтанат құрды.




«Бастаңғыны» қостанайлықтар әз-наурыздың бір нақышы ретінде қабылдай бастапты. Бұл өте қуантады. Былтырғы «Бастаңғыдан» соң дәл сондай форматтағы қойылым бірнеше мекемеде өткен еді. Биыл да солай боларына сенеміз. Былтыр іс-шараның мәні сөз жүзінде айтылса, биыл іс-жүзінде көрініс тапты. Демек, әуелде діттеген мақсатқа бір қадам болса да жақындадық деген сөз", – дейді ол.
Жалпы, бұл шарада көрер қызық аз болған жоқ. Ән-күй шашудың сыртында, сиқыршы бала өнері, сұлулық байқауы, қуыршақтар күресі, жілік сындыру сыны көпшіліктің қошеметіне бөленді. Осылайша, ұлттық мәдениет заманауи форматта назарға ұсынылды. Сценарий авторының сөзінше, мұның өзіндік мән-маңызы бар.

«Ұлыстың ұлы күні Қыдыр ата мен Қорқытты, Асан қайғыны қашанғы түйеге мінгізіп жүре береміз? Қазақтың бәрі қалаға келіп жатыр, қаланың үйіндегі мереке қалай тойлану керек? Міне, осы сұраққа жауап іздеп, өзімізше бір тың форма ұсындық. Сол үшін де аңғал ата мен ақкөңіл әже, әдепті жеңге мен әзілқой қайныны басты кейіпкер ретінде алдық. Қысқасы, жып-жылы романтикаға құрылды», – деді А.Мауданов.
Ол "Бастаңғының" наурыз мейрамын думандатудың қостанайлық ерекшелігіне айналуы керек екенін алға тартады. Идея авторы Гүлден Молдахметова мен театр режиссері Дос Құбаш та бұл ұлттық-мәдени шара жыл сайын жалғасатынын айтты.
