Әуесқойлар бәсекесі
Қаладағы «Сұңқар» спорт кешенінде Наурыз мейрамына орай қазақ күресінен намазхандардың арасында жарыс өтті. Оның өткізілуіне Қостанай облысының Діни проблемаларды зерттеу орталығы, облыстық мешіт және «Социум & Мен» қоғамдық ұйымы мұрындық болды.





– Осы жарысты өткізудегі мақсатымыз жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеу болған еді. Бұған дейін осы бағытта бірнеше облыстық жарыс ұйымдастырдық. Бүгінгі намазхан жігіттердің өнеріне көпшілік риза болды деп ойлаймын. Кейбірінің жасы үлкен палуандарға мәрттік танытып, жол бергендері де жарасымды. Аталмыш бәсеке жыл сайын өткізіледі, –«Социум & Мен» қоғамдық ұйымының төрағасы Марат Жұрқабаев.
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков