Аймақтық ақындар айтысы өтті

Арқалықта Елордамыз – Астана қаласының 20 жылдығы мен Ұлыстың Ұлы күніне орай «Тілім барда айтылар сыр ойдағы…» атты аймақтық ақындар айтысы өтті.
Сүбелі сөз сайысына қанаттарын кеңге жайып келе жатқан облыстық, республикалық айтыстардың бірнеше дүркін жеңімпаздары 12 ақын қатысып, өз бақтары мен баптарын сынады. Айтыскерлер айтыс басталар алдында қазылардың қатысуымен жеребе арқылы жұптастырылады. Ақындар айтысына мәдениет және өнердің көрнекті майталмандары қазылық жасады. Қазылар алқасы айтысты бағалауда ақынның тақырыпты аша білуіне, жырының көркемділігіне, орындау шеберлігі мен тапқырлығын негізге алды. Нәтижесінде төрт сағатқа созылған айтыста тұшымды ойлар айтылып, сөз дүлдүлдері анықталды.
????????????????????????????????????

????????????????????????????????????

«Айтыс – сөз зергерінің талантын шыңдайтын үлкен өнер жарысы, ақындық тәрбие мектебі. Сондай-ақ айтыс – елдің басын біріктіретін қасиетті өнер. Қазақтың киесі мен қадірін, қасиеті мен қастерін танытатын, бірегей өнер  ол әрине ақындар айтысы. Қазіргі таңда қазақи құндылыққа айналған өнер додасын Арқалық жұртшылығы үнемі асыға күтеді. Айтыстың мақсаты қазақ ауыз әдебиетінде ертеден қалыптасқан, ұлттық рухымызды асқақтатқан айтыс өнерін жаңғырту, жандандыру. Ел ішіндегі ақындық қабілеті бар жас таланттарды тауып олардың шеберлігін шыңдау, ішкі дарынын дамыта отырып үлкен өнерге дайындау болып табылады», – дейді  қалалық Мәдениет сарайының әдебиет бөлімінің меңгерушісі Замзагүл Тапалова. 
????????????????????????????????????

????????????????????????????????????

Көрерменін өміршеңдігімен тәнті еткен кезекті айтыс өнерінің нәтижесін баяндар болсақ, жүлделі III орын екі ақынға Мұхит Бабақұл (Астана) мен Ғалымгерей Кенжеғозин (Рудный) бұйырса, II орынды Екпін Сәбетхан (Зеренді ауданы) мен Айбар Рағатов (Астана) иеленді. Ал I орынды жерлесіміз Тоба Өтепбаев иеленсе, бас жүлдені суырып салмалығымен ерекше көзге түскен Сұлұжан Таубалдықызы (Қытай халық республикасы) қанжығасына байлады. Қатысушы өзге ақындар да марапаттан құр қалмай Арқа өңірінен шыққан алты алаштың арыстары: Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, Ш.Жәнібек, К.Көкембайұлы, М.Дулатов, А.Иманов атындағы арнайы жүлденінің иегері атанды. Сондай-ақ барлық айтыскер ақындарға ақшалай сыйлық табысталды.
Осылайша, Ұлыстың Ұлы күніне арналған аймақтық наурыз айтысына қазылар алқасы жоғары бағасын беріп, көрермендер көңілді тарқасты. Осындай жалынды, ұшқыр ойлы, қырағы жастарымыз барда ұлттық өнеріміз ешқашан өшпек емес.
 
                                                                          Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓