Кітапханашылар съезі өтті

Алматыда, ҚР Ұлттық кітапханасында Астана қаласының 20 жылдығына арналған  «Кітапхана – қоғамның көпфункциялы, көпдеңгейлі әлеуметтік институты» атты Бүкілқазақстандық кітапханашылар съезі өтті.1536045765_article_b_1500_
Съез – республикадағы кітапхана саласының болашақтағы саясатын айқындайтын, жаңғыртатын және жаңаша серпін беретін маңызды мәдени оқиға. Бұны елімізде өтіп жатқан тарихи шара деуге болады. Бүкілқазақстандық кітапханашылар съезі  соңғы рет 1998 жылы өткізіліпті.  Барлық жүйелер мен ведомстволардың кітапханалық қауымдастығы 20 жылдан соң жиналып отыр. Кітапханашылар, қоғам белсенділері және билік өкілдері кітапхана мәселесін талқылау үшін бас қосты.
«Тыңдаушы ықыласты болса, айтушы шешен болады» демекші, осындай тарихи шараны ҚР Ұлттық кітапханасы  директорының ғылым жөніндегі  орынбасары  Ажар Юсупова сауатты кеңестерімен жүргізе білді. «Қазақстандағы кітапхана саласын жаңғырту және дамыту мәселелері» тақырыбындағы дөңгелек үстел ҚР және ғылым жөніндегі комитетінің төрайымы Бірғаным Сарықызы Әйтімова, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі заң қызметі департаментінің директоры К.К. Сейітованың қатысуымен өтті.
Бүкілқазақстандық съездің екінші күні  Астана қаласы мен Ақмола облыстарының кітапхана қауымдастығымен мерекелік онлайн-кездесумен жалғасын тапты.
Съезге 200 кітапханашы қатысты, оның 182-сі – қазақстандық делегат,16-сы – АҚШ, Түркия, Беларусь, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікістан сынды мемлекеттен келген мамандар.
Съезд шеңберінде тақырыптық секциялық кездесулер, дөңгелек үстелдер, фокус-тренингтер, тәжірибелік сабақтар өтті.
Іс-шарада Қазақстан кітапханалар жүйесіне олжа салар жол қандай болу керек екені, ұлтымыздың интеллектуалдық ресурс ретінде кітапханашылар  атқаратын міндеттер туралы айтылды. Үкімет елдің рухани азығын ойлай бастағаны көңілге медет, көкірекке сенім ұялатады. Бүгінгінің басты мәселесі –кітапханаларды цифрландыру. Бірақ ауыл кітапханаларының, әсіресе, алыс аймақтағы кітапханалардың техникалық-технологиялық жағдайы ақсап тұрғаны ақиқат.
Ұлт мақтанышы, қайраткер ақын Олжас Сүлейменовтің, Шығыстану институтының директоры,көрнекті ғалым, шығыстанушы, дінтанушы,әдебиет зерттеуші, филология ғылымдарының докторы, профессор Әбсаттар қажы Дербісәлінің, ақын, Қазақстан жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулеттің  сұхбаттарынан үлкен рухани дүниелерге қанық болдық. "Жақсымен өткен бір күнің – бір ғұмырға татырлық" демекші, тағылымды әңгімеге сусындап, өнегелі ойлар түйіп, олардың әңгімелеріне тәнті болдық. Сонымен қатар, танымал әнші, әртістердің өнерлерін тамашалау мүмкіндігі бұйырды. Қазақстандық режисер, сценарист, публицист, ҚР кинематографистер одағы басқармасының төрағасы Ермек Тұрсыновпен де кездесу ұйымдастырылды.Безымянный
 
кЖоғары деңгейде өткен осындай шараны ұйымдастырушы тұлғаларға зор алғысымызды білдіреміз. Бізге осындай мүмкіндік жасаған Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының директоры Д.Т. Дүйсебаеваға да шексіз рахмет. 
 
Гүлжазира Бірмағамбетова,
     Науырзым ауданы  Шилі ауылының
                                            кітапханашысы, съезд делегаты

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓