Науқан бейқамдықты көтермейді

Дала жұмыстарына барлығы 20 мыңға тарта трактор, 840 егін себетін комплекстер, 1 мың бүріккіш, 22 мың тұқым сепкіш қатыстырылады. Науқандық жұмыстарға техникалар дайын. Тек, Науырзым, Федоров, Таран сияқты жекелеген аудандарда техника әзірлігі 88%. 15 сәуірге дейін барлық техника сапта тұруы тиіс. Қажетті сұйық отын мәселесі де шешімін тапқан. Көктемгі дала жұмыстарын өткізуге барлығы 71 мың тонна дизельдік отын қажет. Әзірге облыс терминалдарында 10 мың тонна дизель отыны бар. Биыл оның бағасы 1 литрге 151 теңге деп белгіленді. Кеңесте аудан,қала әкімдеріне шаруашылықтардың жанар-жағар маймен дер кезінде қамтылуы үшін бақылау жасау қажеттігі міндеттелді.
-Биылғы жылы шаруалар 22 мың тонна минеральды тыңайтқыш сатып алуға тиіс. Қазірдің өзінеде 12,5 мың тонна тыңайтқыш алуға келісім-шарт жасалды. Оның ішінде 5,9 мың тонна тауардың құны төленді. Бұл мақсатқа 1 млрд 177 млн теңге субсидия бөлінді, – дейді облыстық ауылшаруашылық басқармасының басшысы.
Әлібек ЫБЫРАЙ