Смартфон ұстауға рұқсат етіледі
Қылмыстық және азаматтық процестердің цифрлық форматқа көшірілуіне байланысты мемлекеттік қызметкерлерге мемлекеттік орган ғимаратында смартфон қолдануға қайтадан рұқсат беруі мүмкін, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Иә, әрине, цифрлық формат ықшамдықты қажет етеді. Сондықтан ол мәселе де қарастырылатын шығар", – дейді ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов Мәжіліс отырысынан тыс жерде.
Мұның алдында Ахметжанов цифрлық форматқа өту тергеушілерге қолайлы болу үшін емес, қоғамға қажет екенін айтқан. Дегенмен ҚР ІІМ өкілдері электронды тергеу жүйесіне өту үшін әлі техникалық жабдықталу деңгейі әзірше төмен екенін мәлімдеген.
Еске салайық, 2016 жылдың наурызында басрлық мемлекеттік органда қызметкерлер мен келушілерге мобильді құрылғыларды (смартфон, планшет, смарт-сағаттарды) пайдалануға тыйым салынған еді. Бұл шара мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс барысында мобильді құрылғыларды белсенді пайдалану мен ақпараттың WhatsApp арқылы сыртқа шығып кетуіне байланысты қабылданған.