Тонаушылар тұзаққа түсті

Бүгін облыстық ІІД баспасөз мәжілісінде Қостанай қаласы ІІБ тергеу бөлімінің басшысы Руслан Жұрқабаев "Тополек" дүкенін тонағандардың қолға түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды alau.kz.Безымянный 27 ақпан күні сағат түнгі 4-тер шамасында қаланың қақ ортасындағы "Тополек" дүкеніне үш күдікті баса-көктеп кіріп, кассадан 200 мың теңге қолды етіп кеткен еді. Нысандағы бейнебақылау құрылғысына жазылып қалған таспаның арқасында, полицейлер келесі күні-ақ 23 және 24 жастағы күдіктілердің тұлғасын анықтады. Қазіргі уақытта үшінші қылмыскер құрықтау үшін іс-шаралар жүргізілуде. 
"Ұсталғандардың айтуынша, олар сол күні спирттік ішімдік ішкен. Мастық салдарынан ойларына қылмыс жасау пиғылы келіпті. Әрекеттерін алдын ала жоспарлап алып, тосыннан шабуылдап, кіреберістегі банкоматты бұзғысы келген. Ол қолдарынан келмегендіктен, дүкеннің ішіне басып кіреді. Күзетшіні жығып тастап, сатушыға күш көрсеткен. Тонап бола салысымен тайып тұрған күдіктілер Чехов көшесі жағын бетке алып, үйлердің аулаларына жасырыныпты. Ұрылар оңай олжаны тең бөлісіп, жөндеріне кеткен", – деп түсіндірді ІІД қызметкерлері.
Естеріңізге салайық, тонау сәті түсірілген бейне бұған дейін "Қостанай таңы" сайтында да жарияланған болатын.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓