“БОТАҚАНЫМ” БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ
Көпшілік оқырманның сұрауы бойынша "Ботақаным" суреттер байқауы 1 наурыздан бастап жалғасын табады.
Тек бұл жолы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отыр. Оның үстіне, байқау "Наурыз" тақырыбына арналады. Яғни жолданатын суреттер тақырыпқа сәйкес келуі тиіс. Қазақы нақыштағы қызықты суреттер міндетті түрде назарға ілігетін болады. Сондай-ақ, әр қатысушыдан бір ғана материал қабылданады. Апта бойы қабылдау жүргізіліп, сайтқа тек ең үздіктері әр жұма сайын жарияланып отырады. Қатысушыларға қойылар талап – сурет кейіпкерінің толық аты-жөні, жасы, тұрғылықты мекенжайы көрсетілуі тиіс және мүмкіндігінше баланың мінездемесі, қабілеті туралы мәліметтер берілсе құба-құп. Сонымен қатар, суретті жолдаушы да өзі туралы деректер қалдыруы қажет (аты-жөні, байланыс нөмірлері).
Жүлделі орындар – екеу, яғни 1 және 2 орын. Онымен қоса, сайтта әлдеқайда көп қаралым мен пікір жинаған үміткерге арнайы сыйлық тағайындалады.
Байқау аяқталғаннан кейін жеңімпаздар (1, 2 орын және арнайы сыйлық иегерлері) "Қостанай таңы" газетінде жарық көріп, ардақталатын болады.
Қорытынды жарияланғаннан кейін суреттер жібермеулеріңізді сұраймыз, өйткені олар байқауға қатыстырылмайды.
Материалдарды fotobaikau@mail.ru электронды поштасына немесе 8778 029 92 51 нөміріне Whats App желісі арқылы жолдай аласыздар.
Айханым ботақан атасының еркесі сен жеңіске жетесің!
"Қостанай таңы" газетінің, "Ботақаным" байқауына мың алғыс, Мен осы сайысқа қатысушы Ерасыл мен Ерсайынның атасымын, кішкентай бүлдіршіндердің бойында қазақ халқына тән мінез-құлыққа тәрбиелеу мақсатында үлкен еңбек жасап жатырсыздар. Рахмет!